«МУЗА» ТРИОСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

479

0

«МУЗА» ТРИОСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ Қармақшы ауданындағы Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Муза» триосының құрылғанына 5 жыл толуына орай шығармашылық концерті өтті.
«Муза» триосы әрдайым өңірдегі мәдени көпшілік шараларға белсенді араласып, төл мәде­ниетімізді насихаттауда ән әлеміндегі өнерлерімен талайды таңдандырып келеді. Топтың репертуары үнемі жаңа әндермен толықтырылып, түрлі жанрдағы әндер тыңдарман назарына ұсынылуда.