Фото: Рexels
«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Кazinform.
Республиканың батысы мен солтүстігіне қар мен бұрқасын әкелген атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Атлантикалық циклон орнына оңтүстік-батыстан антициклон келеді. Онымен жауын-шашын тоқтап, ауа температура қысқа мерзімге төмендейді. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда түнгі уақытта температура 5-10 градус аязға дейін төмендейді.
«Бірақ антициклон елімізде тұрақталмайды, себебі, батыстан Атлантика аудандарынан тағы бір циклон ығысады. Онымен күн райының құбылмалы сипаты тағы орнайды: мұзақ (жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі) мен қар түрінде жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ байқалады. Ал температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз күн райы болжанады», – делінген синоптиктер мәліметінде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<