Мұздағы қауіпсіздік басты назарда

674

0

Өткен жылы облыс бойынша балық аулау кезінде 5 адам қаза тапса, биыл мұндай қайғылы оқиға тіркелмеді. Дегенмен, осы жылдың 9 ақпанында Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласының тұрғыны Сырдария өзенінен өту барысында мұз астына құлап кетіп, бақытсыз жағдай орын алды. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Төтеншеліктердің айтуынша, азаматтардың суға кетуінің басты себебі – қауіпсіздік ережелерін ескермеуден болатынын ескертеді.

– Қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Нәтижесінде, су айдындарында балық, аң аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында 1022 рейдтік іс шара өтіп, 41 мың адамға түсіндірме жүргізілді. Биылғы қыс жылдағыдан жылы болғандықтан су бетіндегі мұздың опырылып кету қаупі өте жоғары. Жалпы тұрғындардың қауіпсіздігі төтеншеліктердің ұдайы назарында, – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<