Мыңға жуық кәсіпкер несие мен грант алған

904

0

Шиеліде өз кәсібін ашуға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Мәселен өткен жылы 919 адамға 1 млрд. 884,8 млн. теңге көлемінде несие және грант бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 103 жоба мақұлданып, 489,2 млн. теңге көлемінде несие берілді. Ал 776 жобаға қайтарымсыз грант бөлінді.

– Бүгінде ауданда кәсіпкерлердің саны артып келеді. Былтыр 5241 шағын және орта бизнес өкілі тіркелсе, ал жыл басынан бері 5274-ке жетті. Биыл екі айдың ішінде 80 азаматқа кәсіптерін бастау үшін 46,6 млн. теңге грант қаражаты берілді. Мұнан өзге, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша 6 жоба қаржыландырылды. Аталған бағдарлама аясында инновациялық жаңа идеяларды қолдау мақсатында 4 жобаға 10 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріліп, 12 адам еңбекке тартылды, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.
Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 11 жоба қаржыландырылды. Ауданда жыл басынан бері капиталға салынған инвестицияның көлемі 1 млрд. 150 млн. теңгені құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<