Мұз айдындарындағы қауіпсіздік

490

0

Мұз айдындарындағы қауіпсіздік Қазіргі таңда, балық аулау – кең таралған ермек. Бірақ балық аулаушылар судаағы қауіпті елемей, немқұрайлықпен қарайды. Балық аулаған кезде қауіпсіздік шаралары ескерілмеуі де мүмкін. Оған қоса су айдындарындағы, өзен көлдегі қайғылы оқиғалар балықшылардың көпшілігі су қоймаларында қауіпсіздік техникаларын сақтамаудан, синоптиктердің ауа райы болжауын және Төтенше жағдайлар департаментінің ескертулерін ескермеуден орын алады.

2018 жылы Қызылорда облысының су айдындарында 22 адам қаза болды. Соның ішінде балық аулау кезінде 5 адам, оның ішінде 1 жасөспірім қаза тапқан.

Дауылды кезеңде жүзу құралдарымен балыққа шығу, тексерілмеген, бұзылған құралдарды пайдалану, мас күйінде балық аулау – бұлардың бәрі балықшылар үшін қауіпті. Осыған сәйкес Төтенше жағдайлар департаменті күннің суытуына байланысты мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Адамның мұзда қауіпсіз болуының негізгі жағдайлары мыналар:
– Балық аулауға мұз қалыңдығы 10 сантиметрден асқаннан кейін ғана шығу керек. Күн жылынғанда олардың салмақ көтеру қабілеті бірнеше есеге төмендейді;

– Балық аулауға шыққанда арқанды алып шығу маңызды. Іс насырға шапқанда арқанның жүк байланған жағын көмек қажет ететін адамға лақтырып, оны судан шығарып алуға болады;

– Балық аулауға су қоймасын жақсы білетін тәжірибелі балықшылармен шыққан дұрыс;

– Мұз үстінде жүргенде адамдар арадағы 5-6 метр қашықтықты сақтау керек.

– Жүкті мұзға құлағанда оңай лақтыра салатындай жинау керек;

– Мұз ұңғымаларын көптеп жасаудың қажеті жоқ. Бұл мұздың беріктігін әлсіретеді. Кетерде олардың орнын белгілеп кеткен жөн;

– Суы ағынды жерлерде, терең сынықтары бар орындарда, өсімдіктер өскен, кәсіпорын қалдықтары төгілетін жерлерде балық аулауға тыйым салынады;

– Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

Қызылорда облысы ТЖД 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<