Нәрестенің бауырынан жарты келі ісік алынды

1914

0

Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалып, сәбидің бауырындағы жарты келі ісік алынды. Күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған деп хабарлады turkystan.kz.

– 3 ақпан күні 3 күндік нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада «оң жақ бауырдың туабітті түзілісі» диагнозы қойылған, – деді педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонатальды хирургі Қанат Әшірбай.

Айта кетейік, нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығына жақсы.