Нақты ұсыныстар қажет

315

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырма жүктелді.

– Бір апта мерзім ішінде ту­ризм саласын цифрландыру және одан әрі дамыту бағытында нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Арнайы бекітілген индикаторлардың то­­лық орындалуы, өңірімізге ке­­летін туристер санын арт­тыру бойынша жұмысты кү­шейтіңіздер. Кәсіпкерлердің ту­­ристік бағыттағы нысандары мен жол бойы сервистік ке­шен­дерінің құрылысына жұ­­м­­салған шығындарын субсидиялауға қа­тысты мемле­кет­­тік қол­дау ша­раларын ақ­па­рат­тан­дыру керек, – деді аймақ басшысы.

Мәжілісте жауапты тұл­ға­лар­­ға көктемгі залал­сыз­дан­­ды­­ру жұмыстарынан бұ­рын ел­ді ме­кен айналасы мен мал қо­ра­­лар­ды меха­ни­ка­лық та­зар­­туды ұйым­дас­тыру тап­­сы­­рыл­­ды. Оған қоса, за­лал­сыз­­­дан­­­дыру жұмыс­та­рының тиім­­­­ді­­лігіне талдау жасалып, қо­ры­­­­тындысы облыс әкімдігіне баян­­далуы тиіс. Конго-Қырым гемор­рагиялық қызбасын жұқ­тырған науқастарды ем­дейтін дәрі-дәрмек қорын қам­дап, нау­қас­­тарға дер кезінде ем-шара жүр­­гізу­ді үйлестіру де басты на­зар­­дағы мәселелер қатарында.