NASA екі астронавты Жерге жеткізу туралы шешім қабылдады

210

0

Фото: ашық дереккөз

Тамыздың соңында NASA ХҒС-тан Барри Батч Уилмор мен Сунита Уильямсты қайтару үшін Boeing компаниясының Starliner ғарыш кемесі немесе SpaceX Crew Dragon капсуласының қай бірін пайдалану туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы DW жазды.

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) тамыз айының соңына қарай ғарышкерлер Барри Батч Уилмор мен Сунита Уильямстың Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) Жерге қайтару туралы шешім қабылдауға ниетті. Бұл туралы NASA өкілдері сәрсенбі, 14 тамызда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Уилмор мен Уильямс 5 маусымда Starliner ғарыш кемесімен ХҒС-қа барды және онда сегіз күн болуы керек еді, бірақ Starliner ғарыш кемесі экипажының ХҒС-қа алғашқы ұшуы кезінде байқалған маневр қозғалтқышындағы ақауларға байланысты олардың оралуы кейінге қалдырылды.

Баспасөз мәслихаты барысында NASA ғарыштық операциялар дирекциясы әкімшісінің көмекшісі Кен Бауэрсокс астронавтар ХҒС бортында қосымша уақыттарын тиімді пайдаланып жатқанын айтты. 

– Алайда, мен олардың да біз сияқты шешім күтіп отырғанына сенімдімін, – деп қосты ол.

Егер шешім Space X пайдасына қабылданса, онда бұл компания ХҒС-қа 24 қыркүйекке жоспарланған Crew-9 миссиясын әдеттегідей бортында төрт астронавтпен емес, екеуімен ғана ұшатынын айтты. Crew Dragon капсуласы Барри Батч Уилмор және Сунита Уильямспен бірге 2025 жылдың ақпан айында Жерге орала алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<