Нашақорлыққа қарсы штаб отырысы өтті

519

0

Фото: Қала әкімдігі

Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Абатовтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі қалалық ведомоствоаралық штаб отырысы өтті.

Жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жауаптылардың баяндамасы тыңдалды. Нақтырақ айтсақ, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Гүлайым Сейілханова Қызылорда қаласындағы нашақорлық мәселелері туралы тоқталып өтсе, қалалық білім бөлімінің бас маманы Самат Күнхожаев және Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылған шараларды баяндады.

Сонымен қатар, қалалық полиция басқармасы нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің басшысы Ғабидулла Нағашыбаев нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Жиын барысында штаб төрағасы есірткіні тұтынушылардың басым бөлігі жастар контингенті екенін атап өтіп, құзырлы мекемелерге профилактикалық бағыттағы іс-шараларды күшейтуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<