Жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында, облыстық мәдениет және спорт, білім басқармаларымен, сондай-ақ, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Бәріңде жарысқа!» ұранымен облыстық жарыстар өтті.
Салтанатты іс-шараны облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихимов қатысты. Ол дәстүрлі түрде биыл 28 рет өткен оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарыстың маңыздылығын атап өтті.
Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Мейрамбек Сұлтанханұлы нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан мәліметтерге тоқталды.
Жарысқа облыс көлемінде мектеп командалары қатысты. Әрбір команда бес эстафетада спорттық дайындығын көрсетіп, белсенділік танытты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<