Көктем келе баршамыз Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін асыға күтетініміз рас. Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі.
Қазақ халқымызда жыл басын тойып қарсы алсаң, жыл бойы тоқшылықта боласың деген ниетпен мол дастарқан жаю дәстүрі бұрыннан бар. Осыған орай тағамдардың алуан түрі, тіске басарлар, кондитерлік өнімдер молынан дайындалады.
Алайда, тағамдарды асыра көп әзірлеу жедел ішек инфекциясы мен тағамнан улану жағдайларына алып келуі әбден мүмкін. Басты себеп – жеке бас гигиенасын ұстанбау, тағамды дайындау, тасымалдау мен сақтау технологияларын бұзу.
Мерекелік дастарқан ұйымдастыру аса ұқыптылықты талап етеді. Ішек этиологиясы мен тағамнан уланудың алдын алу үшін үй жағдайында да, қоғамдық тамақтану орындарында да кейбір ережелерді сақтау қажет:
1. Дүкеннен азық-түлік сатып аларда тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуына назар аудару, сатушылардан талап ету;
2. Ветеринариялық-санитариялық анықтамасы жоқ барлық ауыл шаруашылық жануарларының еті мен өнімдерін; ақауы бар консервілерді – бомбаж, шартылдаған, аққан, тесілген, пішіні өзгерген, микробиологиялық бүліну белгісі бар; шіріген, бүлінген, қабығының бүтіндігі бұзылған көкөністер мен жемістерді; қамба зиянкестерімен ластанған жарманы, ұнды, кептірілген жеміс-жидектерді және басқа өнімдерді; белгіленген жарамдылық мерзімі және дайындалған уақыты көрсетілмеген, пайдалану мерзімі асып кеткен өнімдерді; қаптамасында мемлекеттік немесе орыс тілінде қажетті ақпараты жоқ өнімдерді пайдаланбау;
3. Шикі және дайын өнімдерді, ет, құс етін, теңіз өнімдерін азық-түліктің басқа түрлерінен бөлек ұстау, оларды тасымалдаған кезде әртүрлі ыдыстарды пайдалану.
4. Тағамдар әзірлеудің технологиясын бұлжытпай орындаңыз. Азық-түлікті олардың сақтау мерзімін ескере отырып сақтаңыз, мерзімі өтіп кеткен жарамсыз өнімдерді еш өкінбестен қоқысқа тастаңыз. Әзірленген тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық уақытқа қалдырмаңыз, тез бұзылатын тамақтарды уақытынан бұрын әзірлемеңіз. Тағамның герметикалық қаптамасы бүлінген болса, тоңазытқышта да көп уақыт сақтамаңыз.
5. Асүй мен оның керек-жарақтарын таза ұстаңыз, кеміргіштер мен шыбын-шіркейден сақтаңыз, көкністер, жеміс-жидектерді ағынды сумен жуыңыз.
6. Жеке бас гигиенасын ұстаныңыз, тағам даярлау алдында және шикі азық-түліктен кейін, дәретханадан кейін, көшеден оралғанда міндетті түрде қолды арнайы жуғыш заттармен мұқият жуыңыз.
Қарүй тігіп, палаткалар орнатуды жоспарлаған тұлғаларға қосымша ескерту: өнімдерді тасымалдауда және сақтауда санитариялық талаптардың қатаң орындалуына, сақтау температурасы мен тауарлар көршілестігінің сақталуына мән беру, өзіне тән иісі бар тамақ өнімдерін бөтен иісті сіңіріп алатын қаптамаланбаған дайын өнімдермен бірге сақтауға, тамақ өнімдерін тікелей еденге жинауға жол берілмеуін қадағалау.
Тамақтану орындарынжиі желдету және дезинфекциялау, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқпен, қол жууға арналған құралдармен, сүлгілермен қамтамасыз ету; тамақтану орындарының аумағының тазалығын сақтау. Қоғамдық тамақтану орындарында тағам түрлерін әзірлеушілердің арнайы дәрігерлік тексерістен өткендігін растайтын медициналық кітапшасының болуына аса мән беру.
Егер іш ауыру, жүрек айну, құсу, іш өту сияқты белгілер пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<