Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

679

0

Көктемнің алғашқы айында Қазақстан азаматтары 14 күн демалады, деп хабарлайды.

Наурыз айында, әдеттегідей, екі ресми мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы тойланады.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурыз күндері демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 10 наурыз күндері демалып, 9 наурызда жұмысқа оралады.

Наурыз мейрамында ел азаматтары бес күн қатарынан демалады. Бірақ аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 21-24 наурыз аралығында демалып, 25 наурызда жұмыс істейді.