Наурыз – түркі халықтарының төл мерекесі

1273

0

Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Осы айтулы мерекеде «Болашақ» университетінің бастамасымен, аталған университетте «22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні» атты тағылымды шара өтті.

Наурыз – түркі халықтарының төл мерекесі

Оған  ҚР ІІМ-мен «Болашақ» университеті арасындағы екі жақты меморандум аясында дәріс беріп жүрген Қызылорда  ОПД Анықтау басқармасының бастығы Н.Жамал-ад-Дин мен Жедел-криминалистика басқармасының криминалисті І.Райханов қатысып, Наурыз мерекесінің тарихы тереңнен бастау алатынын және қазақ халқының рухани-құндылығын тәрбиелеуде жас буынға насихаттады.

Шара барасында әннен шашу шашқан студенттер ұлттық ойындарды ойнап, кенже қалған салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртты. Осылайша Наурыз мерекесі дәріптеліп, жоғары деңгейде аталып өтті.

«СБ» ақпарат