Наурызда 100-ден астам түрлі форматта мерекелік шара өтетін болады

270

0

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ш.Баймановтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болатын бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған тақтаның ашылу салтанатынан бастау алады.

Наурызда 100-ден астам түрлі форматта мерекелік шара өтетін болады

Одан кейін «Қайырымдылық қоржыны» акциясымен жалғасып, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық концертімен қорытындыланады.

Сонымен қатар, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қатысуымен елге еңбегі сіңген бірқатар ақ жаулықты аналар мен белсенді қыз-келіншектерді құттықтау шарасы өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен ұсынылған «Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасын» басшылыққа ала отырып, арнайы тақырыптарға сәйкес наурызнама онкүндігі бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Облыстық іс-шаралар жоспарына 100-ден астам түрлі форматтағы мерекелік мәдени-көпшілік, спорттық, танымдық, қайырымдылық шаралар және тазалық акциялар енгізілді.

Жалпы облыс бойынша наурыз айында орын алатын мерекелік даталарды жоғары деңгейде атап өту мақсатында салалық облыстық басқармалар, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктеріне тиісті дайындық жұмыстарын үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<