Назарбаевтың экс-келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты

396

0

Фото: ашық дереккөз

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі аяқталып, үкім шықты. Ол 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал оның жүргізушісі Мәди Батыршаев жалпы 9 жылға сотталды.

  • «Сот үкімімен Сатыбалды Гүлмира Қауасқызы 126-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға,
  • 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға,
  • Қылмыстық кодексінің «Бопсалау» бабы және 389-бабының 4-бөлігі «Өзбеттік» бойынша 5 жылға,
  • Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы Сатыбалды ақыры 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді», – деп оқыды үкімді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Сот мәліметінше, 2011 жылы Гүлмира Сатыбалды акционерлік қоғамның жалғыз акционері жәбірленуші Жұнісовке бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысу туралы ұсыныс жасаған. Келісім бойынша акционерлік қоғамның акциялары бөлініп, ол 34% акцияның ресми емес иесі ретінде танылды.

«2019 жылы алынған ақпаратқа байланысты сотталушы Жүнісов 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деп айыпталған. Содан кейін ол Батыршаевтың жеке көмекшісімен алдын ала сөз байласып, жәбірленушіге күзетшілер тағайындаған. Сондай-ақ оның байланысын алып, үйінде 165 тәулікке толық әлеуметтік оқшаулау жағдайында заңсыз қамауда ұстаған. Нәтижесінде соңғысының психикалық жағдайына ауыр зиян келтірілді», – делінген хабарламада.

Заңсыз бас бостандығынан айыру мерзімінде сотталушы Сатыбалды қорқыту арқылы жәбірленушінің және оның жақын туыстарының ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген.

«Салдарынан аса ірі көлемде – 217,9 миллион теңге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды өзінің болжамды құқығын пайдалана отырып, озбырлық жасап, жәбірленушіні өзімен аффилиирленген үшінші тұлғаларға мүліктік және жарияланған акцияларға құқықтарын қайта тіркеуге мәжбүрлеп, 1,2 млрд теңгеге аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірген», – делінген хабарламада. 

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Батыршаевқа 10 жыл сұрады.

Жәбірленуші тарап қатаң жаза қолданып, сотталушылардан келтірілген материалдық және моральдық шығынды өндіруді сұрады. Айыпталушылар кінәларын мойындамады.

Айта кетейік, бұл сот процесінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр. 

Сот үкімімен Сатыбалды кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға сотталды. Батыршаев та кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот сотталған Сатыбалдыдан жәбірленуші пайдасына 2,6 миллиард теңге материалдық шығынды, сонымен қатар 10 миллион теңге моральдық шығынды, сотталған Батыршаевтан 2 миллион теңгені өндірді.

Жәбірленушілер К және А-ның азаматтық талап арызында жауапкер С-дан тиісінше 233 миллион және 109 миллион теңге материалдық шығын өндірілді.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов оның нұсқауымен 2019 жылдың 13 ақпанынан шілдесіне дейін алты ай бойы өз еркінен тыс үйқамақта ұсталғанын айтып, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелін олардың ортақ бизнесі – Baur Kazakhstan АҚ активтерін тартып алды деп айыптап отыр. Сот процесі 3 маусымда басталған. 

  1. Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу), 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (зорлық-зомбылық қолдану қаупімен аса ірі мөлшерде бопсалау) бойынша айып тағылып отыр.
  2. Онымен бірге оның қол астында жұмыс істеген Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу) айыпталып отыр.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды сот отырысында денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөзін айтудан бас тартты.

Өткен жолғы сот отырысында прокурор айыпталушыны 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар жәбірленушілер Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевтан 11 миллиард теңгеден астам соманы өндіруді талап етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<