«Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация»

496

0

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты базасында республикалық мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған “Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация” тақырыбындағы оқу-әдістемелік кеңес өткізілді. 

Кеңеске “Дарын” респуб­ликалық ғылыми-практи­ка­лық орталығының “Педаго­ги­­ка­лық шеберлік зертха­на” бөлі­мінің жетекшісі А.Қарқұ­лова, облыстық білім басқар­масы басшысының орынба­сары Б.Бердәулетов, “Дарын” облыстық қосымша білім бе­ру орталығының басшысы Қ.Ақышева және Педагоги­ка­лық шеберлік орталығының Қы­зылорда қаласындағы фи­лиал­ының директоры С.Кама­лова қатысты.

Кеңейтілген кеңесті об­лы­с­­тық білім басқармасы бас­­­шысының  орынбасары  Б.Бер­­­дәулетов ашып, шара­ның мақсаты жайлы қысқа­ша айтып өтті. “Дарын” рес­пуб­­ликалық ғылыми-прак­ти­калық орталығының  педа­гогикалық шеберлік зертхана жетекшісі А.Қарқұлова  кеңейтілген кеңесте саладағы басты міндеттер талқыға салынып, заман талабына сай озық тәжірибелерге таңдау жасалатынын айтты. “Дарын” облыстық   қосымша білім беру орталығының директоры   Қ.Ақышова оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныс­тырса, Е.Әуелбеков атын­да­ғы дарынды балаларға арналған №4 облыстық  мек­теп-интернатының директо­ры Б.Абдуллаева «Бі­лім беру үдерісіндегі көп­қырлы құн­ды­лықтар – функ­цио­налдық сауаттылық негізі» тақырыбында  баяндама жасады. Баяндамашылардың сө­зінен соң “Марафон” ав­торлық инновациялық жобасы бойынша республикалық “Үздік авторлық жоба” конкурсының жүлдегері, ин­форматика пәнінің мұға­лімі Ж.Дінисламовтың оқу­шылармен жұмысы назарға ұсынылды. Бұдан әрі жаратылыстану пәндері бойынша ағылшын тілінде жүргізілетін ашық сабақтар серияларына, CLIL сабақтарына жалғасты.

Жаңартылған білім маз­мұ­­нына бағытталған иннова­ция­лық ашық сабақ­тар “Көпқырлы құнды­лық­қа тәрбиелеу – функ­цио­нал­дық сауаттылық негізі” тақырыбындағы ток-шоуға жал­ғасты. Ток-шоуда қатысу­шы­ларды үш топқа бөліп, об­лыстық Педагоги­калық ше­­­берлік орталығының тре­нер­­лері жүргізді. Сонымен бірге, Әдістемелік оқу ке­ңесінің бағдарламасына сәйкес мектеп-интернаттың  дарынды шәкірттері  “Жаңа дәуір мек­тебі: нақты қадамдар” тақы­рыбында таныстырылым жасады.

“Шығармашылық алаң” блогында өлкетану, тіл дамыту курстары, еркін аударма шеберханасының жұмыстарына көңіл бөлінді. Атап айтқанда, “Жас ғалым” шеберханасы  Workshop “Young  scientists” бой­ынша химия, физика  пән­де­ріндегі инновациялық жа­ңалықтар, “Зияткерлік ойындар» блогында «Робототехника”, “Ин­­теллектум”, “IT класс” ка­би­неттерінің жұмыстары көр­сетілсе, “Ұлы мұра” ин­новациялық жобасы  блогында “ART студио” шығармашылық галереясы  бойынша оқу­шы­лар қолынан шыққан деколь, пейзаж,  гoбелен, изонит жұ­мыстары көпшілік назарына ұсынылды.  Сондай-ақ, “Алтын ине” үйірмесінің, “Music” club жұмыстарынан би, домбыра үйірмелерінің жұ­мыстары, “Руханият” залы блогы бойынша кітапханада өткен “Reading»” Club   TEDx  форматтағы  таныстырылымы шын мәнісінде мектеп тү­лектерінің дарындылығын та­нытқандай.

Республикалық оқу-әдісте­мелік кеңес “Ұлы дала дарындары” тақырыбындағы ин­новациялық жобалар фес­ти­валімен қорытынды­ланды. Фестиваль бағдарламасына сәй­кес “Туған елге тағзым” жобасы бойынша шәкірт ізденістерінің таныс­тыры­лым­дары TED форматта жасалынды. Шығармашылық ала­ңында инновациялық идея, қы­зықты математика, ғажайып химияның тәжірибелер алаңы көрсетілді.    “Күй ғұмыры” дом­­быра үйірмесінің, би үйір­мелерінің жұмыстары кө­рермен  қошеметін иеленді. Қатысушылар аталған мек­­теп-интернат базасында жүр­гізілген жұмыстар арқылы облыстың білім саласындағы озық тәжірибелерге оң баға берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<