Өнегелі кездесу

390

0

«Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің ел тарихында алатын орны мен оның маңызын оқырмандар мен жас ұрпаққа жеткізу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысушылар алдымен «Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейін» атты көрмені тамашалады.

Бір ғасырлық тарихы бар «Egemen Qazaqstan» – бұл елдің ұлттық газеті. Кездесуде қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әділжан Үмбет және Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Қазыбай Құдайбергенов қатысып, тағылымы мен тәлімі зор өнегелі мектеп, ғибраты мол қасиетті қарашаңыраққа айналған басылымға шығармашылық табыс тіледі.

«Egemen Qazaqstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев студент жастар алдында ғасыр жасаған басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен 100 жылдық мерейтой аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында, жалпы қазақ журналистикасы туралы айтты.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<