Өнегелі өмір

736

0

Осы мақаланы жазарда қатты толқыдым. Сосын «Сыр өңірінің ардақты азаматтарының бірі, бар өмірін елдің тыныштығын қорғау жолына арнаған тұлғалы ағамыз жайлы қалам тербеу қиын болғанымен, ғұмыр бойы ағайынның татулығын сақтап, соңғы демі таусыларда бірлікті аманаттан кеткен абзал ағаға сөз арнамасақ, қалам ұстап не керек, – деген ой келді. Ағаның жастық кезеңі  Талсуат елді мекенінде өтті. Дүниеден өткеніне 15 жыл толып отыр.

Абдрасилов Серікбай  Иба­дул­­ла­ұлы 1929 жылы 15 ақпанда Сырдария ау­даны алтыншы ауылында (қазіргі Қоғалыкөл) дү­ниеге келген.

Әкесі Ибадулла Абдрасилов са­уат­­ты, ел басқарған ер тұл­ғалы аза­мат болған екен. Сау­да-саттық­пен ай­налысып, барлық туған-туыстары­ның басқарушы­сы, қамқоршысы болған.

Анасы – Ка­ми­ла Алдабергенқызы, бұл кісінің әкесі діни ілімі жоғары ұла­ғатты адам болған. Ибадулла атамыз репрессия жыл­дары қуғын-сүргінге ұшы­рап, 1933 жылы қаза табады. Ана­мыз үш ба­ламен жесір қалады. Өзінің адал ақы, маңдай терімен, қай­сарлығымен, бой­ындағы ата-баба­ла­рынан беріл­ген қа­сиет­те­рінің арқа­сында қиын­дықтарға қа­рамастан, үш баласын жалғыз өзі жақсы тәрбие, білім бе­ріп, үл­кен өмірге жақсы азамат етіп жеткізді.

Серікбай ағамыз 1948 жылы Қы­зылорда педагогикалық учи­ли­щесін бі­тіріп, ауылға орал­ған, еңбек жо­лын мектепте мұ­­ға­лімдіктен баста­ған. «Өзі та­­ма­ша адамнын жары да та­ма­ша болуы тиіс» демекші. 1949 жылы жеңгеміз Бибісара Қа­мыс­баевамен отау құрады. Сол жолы әскери бо­ры­шын Смоленск облысы, Красный Бор қаласында өтеуді бастап теміржол әскери бөлім­шесінде Ұлы Отан соғысы кезінде жойылған, маңызы бар те­міржол магистралін қайта қал­пына келтіруге төрт жыл бойы жұмыс жасап, әскери борышын өтеп, еліне оралады. Сол кезең­дерде қылмыспен күресу шара­ларының күшейтілуіне бай­ла­ныс­­ты комсомолдық жолдамамен іш­кі істер органдарына қабыл­данып, Баку қаласындағы жо­ғары милиция мектебіне жі­берілді. Оқуды үздік аяқ­таған соң елге оралып, 1987 жыл­ға дей­ін облыстық ішкі істер орган­­да­рының барлық салаларында (қыл­мыстық із­дестіру, БХСС, МАИ, авто­шаруа­шылық бағыттарында)  қызмет жасаған.

Серікбай ағамыз ішкі іс­тер ор­ган­­дарында қызмет еткен жылдары «Ми­­лиция үздігі» ата­ғымен мара­пат­талса, мінсіз ат­қарған қызметі үшін медаль­дары және КСРО іш­кі істер ми­­нистрлігінің басқа да мем­ле­кет­тік наг­радаларын, Құрмет гра­­мо­таларын иеленді.

Ағамыз білімге деген құш­тарлы­ғы­ның арқасында бірнеше оқу орын­дарында үздік білім ал­ған. Қызметте, күнделікті өмірде де ағайын-туыс­тың арасында өзі­нің әділдігімен, білім­ділігімен, сауаттылығымен жақ­сы қа­сиет­терімен, үлкен абырой бөленіп, сыйлы азамат болған күйі бұл өмірден өтті. Ағамыздың ең үлкен қасиеттерінің бірі – жарына деген адалдық, ұрпақ­тарына өне­ге көрсете білген үлгілі әке, құдаларын құдайындай сыйла­ғандығы, кіші­пейілділігі, қонақ­жайлылығы. Өне­­­­­гелі ғұмыр кеш­кен азаматтан үй­­ренетін нәр­селер аз емес. Ең алдымен, ең­бек­­сүйгіштігі бәрі­міз­ге үлгі. Ағай­ынға қарайласу, шал­дыққанға қам­қорлық жа­сау, қи­налғанға қол ұшын беру, елдің мұ­ңын мұң­дап, жоғын жоқ­тау. Осы асыл қасиеттердің бәрі Се­рікбай ағамызға тән болатын. Ол адам­гершілігі мол, пейілі қазақ дала­сындай кең, үлкен жүректі, асқар таудай па­расатты еді.

Ағамыздың асыл бейнесі ол кісіні білген азаматтардың есінде мәңгіге сақталып қалмақ. Ағамыз бен жеңгеміздің отбасында сана­лы ұрпақ дүние есігін ашқан. Со­лардың екеуі ұл, төртеуі қыз бала. Алты баладан екі ғылым докторы, екі құқық магистрі шық­қан. Серікбай ағамыз бен Би­бісара жеңгеміздің өскелең ұр­паққа үлгі боларлық әулиетін ха­лық әрдайым мақтаныш айтып отырады.

Алтынбек ЕРНАЗАРОВ, 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  

құрметті профессоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<