Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев облысқа жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.
Аймақ басшысымен кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысының кеңесшісі Қызылорда облысының басты медиахолдингі – «Сыр медиа» ЖШС жұмысымен танысып, БАҚ өкілдерімен кездесті. Журналистермен елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалардың бағыт-бағдары туралы пікір алмасты.
Әрі қарай Мәлік Отарбаев Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананы аралап, шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен пікірлесті.
Мұнан кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының ізденістерін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрді, оқу орны музейін тамашалады. Кеңесші «Достық үйі» және облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.
ҚР Президентінің кеңесшісі аудандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездеседі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<