Негізгі мақсат – тұрғындармен тікелей әрі ашық диалог орнату

737

0

Мемлекет Басшысы халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік органдар тарапынан барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Осы орайда, біздің негізгі міндетіміз – азаматтардың нақты әлеуметтік проблемаларын шеше отырып, тұрғындармен тікелей әрі ашық диалог орнатып, кері байланысты арттыру болып табылады.

Облыс әкімдігінде өтініштермен жұмыс жасаудың жаңа форматына көшу мақсатында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде жоспар-кестесі бекітіліп жұмыстар басталды.

Аталған жоспар-кесте бойынша мынадай шаралар атқарылды:

– 2020 жылдың шілде айынан фронт-офис өз жұмысын бастады. Ол облыс әкімдігі ғимаратында тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оларға заңды түсіндірме немесе шешу бағытында тиісті кеңестер беруге арналған. Айта кетейік, мұндай фронт-офистер барлық 7 аудан мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанынан ашылып, азаматтарға толық қызмет көрсетуде.

– Облыс әкімдігінің ғимаратында орналасқан 15 басқарманың, сыртта орналасқан 10 басқарманың қызметкерлері фронт-офиске қажеттілігіне қарай тартылады.

Облыстық басқарма басшылығы мен Қызылорда қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен жауапты бөлім басшылары (орынбасары), қызметкерлерін фронт-офиске тарту тізімі бекітіліп, жасақталды. Сонымен бірге, құқық қорғау органдары басшылығымен, республикалық қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық меморандумдары жасалып, жауапты қызметкерлер қажет болған жағдайда шақырылып, жеке қабылдауға қатысу тәжірибесі енгізілді.

– Азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің жаңа форматы қалыптастырылды. Жергілікті атқарушы органдарда өтініштер типтік, стратегиялық, шағымдар болып тіркелетін бөліктері енгізіліп, күнделікті есептік анықтамалар дайындалып басшылыққа ұсынылуда.

– Азаматтардың өтініштерін жіктеу критерийлері бекітіліп, барлық жергілікті атқарушы органдарға жұмыс жасауға жолданды.

– облыс әкімдігінде «Қызылорда облысының ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» тоқсан сайын жасақталып, облыс әкімімен бекітіледі. Оған қоса, бөліммен «Өзекті мәселелер картасы» жасалды. Өзекті мәселелер картасына сәйкес облыс әкімінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізіліп хаттамаланады. Хаттамамен жауапты мекеме басшысына тапсырмалар беріліп, оның орындалуы бақылауға алынған.

– Қолданыстағы «Светофор» бағдарламасы арқылы өтініштердің мерзіміне қарай мониторинг жасалып ерекше бақылау жүргізіледі. Бұл бағдарлама электрондық автоматтандырылған басқару жүйесіне (БЭҚАЖ) енгізілген.

– ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасымен бірлесіп күнделікті салыстыру жұмыстары жүргізілуде, барлық жергілікті атқарушы органдарға сапасыз орындаған жауаптар үшін жауапкершілік қаралатыны туралы ескертпе хатпен жолданды.

– 2020 жылдың тамыз айынан бастап барлық деңгейдегі әкімдіктердің ресми сайттарында онлайн қабылдау парақшасы ашылып, тұрғындармен кері байланыс орнатылды.

– Облыс әкімдігінің ресми сайтына «Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі» бөлігіне қабылдауға жазылу және өтініштерді қарауды реттейтін құқықтық актілер тізімі жаңарталып жасақталып енгізілді. Азаматтардың қол жетімділігі қамтамасыз етілді.

Облыс әкімі мен оның орынбасарлары 42 рет (12-сі онлайн түрде) азаматтарды жеке қабылдады. Тұрақты түрде әр аптаның (бірыңғай) жұма күндері азаматтармен кездесу онлайн форматта өткізілді. Олардың мәселелерін зерттеп, жан-жақты қарап, жауап беру үшін жауапты мекеме басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Есепті мерзімде облыс басшылығының қабылдауында 425 азамат болса, оның ішінде облыс әкімінің қабылдауында болғаны – 177 (42%), облыс әкімі орынбасарларының қабылдауында болғаны – 248 (58%). Оның ішінде, 120 (28,2%) азаматтың мәселелері оң шешіліп, 197 өтінішке (46,3%) түсіндірмелер берілсе, 108-і (25,4%) төменгі органдарға орындау үшін жолданды.

Бекітілген кестеге сәйкес, облыс әкімдігінің басшылығы, барлық аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің тұрғындарды жеке қабылдаулары әр апта сайынғы бірыңғай жұма күндері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қабылдау құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуымен жүргізілуде. Сонымен бірге, аталған Кодекстің жаңа ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында  2020 жылдың 2-4 желтоқсанында барлық жергілікті атқарушы органдардың басшылығы және жауапты қызметкерлерімен семинар-оқулар өткізілді. Оқу-семинарының хаттамасымен аталған кодекстің жаңа ережелеріне назар аудару жөнінде тиісті ұсынымдар беріліп, іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар атқару туралы көрнекі материалдар жолданды.

Азаматтардың өтініштерін қарау бөлігінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне көшуде ақпараттық қолдаудың Медиа-жоспары бекітілді. Оған сай жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен бірге, «Е-Өтініш» АЖ-ін және «Нәтиже» орталықтарында енгізілу жұмыстары басталды. Нақты кезеңде облыста 285 мемлекеттік, 64 квазимемлекеттік орган жүйеге қосылып, өтініштерді тіркеуді тесттен өткізуде.

М.АҚДАУЛЕТОВА,

облыс әкімі аппаратының өтініштерді

қарау бөлімінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<