Негізгі салаларда нақты өсім бар

312

0

Өткен жылы Сыр өңірінде дүниеге келген қыз балаларға Нәйла, Інжу, Раяна, Айару деген есімдер жиі қойылса, ұлдарда Мансұр, Айсұлтан, Нұрасыл деген есімдер көп қайталаныпты. 2018 жылы облыста 19,1 мың сәби дүние есігін ашса, оның ішінде 179 жұп егіз және екі үшем тіркелген.

Бұл – бәрін білетін статистика деректері. Дәлірек айтқанда, облыстық статистика департаментінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы тұрған міндеттер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы Мәриям Баекеева осындай мәліметтер келтірді.

Ағымдағы жылдың 1 ақпа­нына аймақтағы халық саны 795,3 мың адамды құраса, оның ішінде қала тұрғындары 44,3% , ал ауыл тұрғындары 55,7% болды. Еңбекке қабілетті жастағы халық саны – 446,1 мың адам. Облыс халқының болжамды өмі­рінің орташа ұзақтығы 1995 жыл­мен салыстырғанда 5,2 жыл­­ға ұзарып, 72,6 жасты құрап отыр.

2019 жылдың қаңтар-ақпа­нында облыс экономикасының не­­гізін құрайтын өнеркәсіп өн­дірісімен 355-тен аса ірі кә­сіп­орын айналысып, 149,8 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өң­деу өнеркәсібінде өткен жыл­­дың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда 7,2 процентке ар­тық өнім өндіріліп, оның құны 19,8 млрд теңгені құрады. Сол се­кілді негізгі капиталға са­лын­­ған инвестиция көлемі де 2,4 есе өсіп 56 млрд теңгеге жетті. 2019 жылдың қаңтар-ақ­­пан айындағы жағдай бойынша  ауыл шаруашылығы өнім­­­­­дерінің жалпы көлемі 6,7 млрд теңгені құрап, өткен жыл­дың сәйкес кезеңінен 0,7% жо­ғарылады.

2018 жылдың қаңтар-жел­тоқ­сан аралығында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 75,7 млн доллар­ды құрады. Бұл 2017 жыл көр­сеткішінен 1,3 процентке көп. Ал биылғы жылдың ал­ғашқы айының көрсеткіші 2018 жыл­дың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда 4,5 есеге артып отыр. 2018 жылы экспорт 25,5 млн долларды құраса  (1,5% азайды),  импорт 50,2 млн доллар болды (2,7% көбейді). 2019 жылдың қаңтар-ақпанындағы бөл­шек сауда айналымы 38,9 млрд теңге, сәйкес кезеңмен са­лыс­тырғанда 100,3%. Осы жылғы 1 наурыздағы мәлімет бо­йынша облыс­та 51350 ша­ғын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп, 1,6% өсті. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілер саны 13,8% артты. Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары бағасы 2,4% (ҚР-2,8%), азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,8% (ҚР-0,6%) өсіп, ақылы қызмет 2 % (ҚР-1,5%) төмендеген.

Департамент басшысы бри­­­финг соңында саланың ашық­тығын қам­­тамасыз ету және ақпарат­тық-имидждік саясатты қолдау мақ­сатында 2018 жылдың 19 қазанынан бастап, statgov.kz  ресми Youtube арнасы іске қо­сыл­ғандығын айтып өтті.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<