Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов «Краммель» неміс корпорациясы өкілдерін қабылдады.
«Краммель» корпорациясы 1947 жылы құрылған. Өнеркәсіптік ғимараттарды, жоғары сапалы және заманауи сәулетті көпқабатты тұрғын үй құрылысын салады.
Кездесу барысында делегация өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, неміс тарапына облыс аумағында құрылыс индустриясы, ауылшаруашылық өнімдерін терең өндеу және азық-түлік өнеркәсібі бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру ұсынылды.
Өңірде шетелдік инвесторлармен өзара ашық әрі сенімді байланыстар орнату, бірлесіп жұмыс жасау жолға қойылған.





