Непалда Saurya Air компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, деп жазады ВВС.
Бортында 19 адамы бар Saurya Air ұшағы Катманду әуежайында апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құлаған жерден 18 адамның мәйіті табылды, деп жазады The Kathmandu Post.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 11:00 шамасында ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Ол Покхаруға ұшуы керек еді.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция мен әскерилер жіберілді. Олар 37 жастағы кеме капитанын ұшақ бөлшектері арасынан аман алып шықты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<