«Несие рәсімдеуге көмектесемін». Үш адамды алдаған алаяқ ұсталды

620

0

Нұр-Сұлтан қаласында ірі мөлшерде несие ресімдеу бойынша өз көмегін көрсетіп жүрген алаяқ әйел анықталған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көрсеткен қызметі үшін аталған әйел жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақшалай сыйақы алып отырған. Полицияға қала тұрғыны шағымданып, 2,5 миллион теңгеге алданғаны жөнінде хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша оның танысы банктен 2 пайызбен ірі мөлшерде несие алып беруге көмек көрсете аламын, банкте таныстарым бар деп сендірген.

Жәбірленушілер оның сөзіне сеніп, сыйақы ретінде ірі сомада ақшалай қаражат берген. Осылайша күдікті үш адамды алдаған. Полицейлер 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті әйелдің бірнеше алаяқтық жасағаны анықталды. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2018 жылы сотталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүрі жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<