«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл

463

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Тағзым алаңында еске алу митингісі өтті.

Шарада қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар, «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.

Шара барысында «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.А

рдагерлерді еске алу және құрмет көрсету шарасы салтанатты марапаттау жиынына ұласты. Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов ардагерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Бірқатар ардагерлерге 35 жылдық мерекелік төсбелгісі табысталды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<