«Невада-Семей» қозғалысының белсенділерімен кездесу

717

0

Бүгін «Достық» үйінде облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белсенділерімен кездесті. Басқосуда қоғамдық бірлестік тарапынан қозғалып жүрген бірнеше мәселелер айтылды.

«Невада-Семей» қозғалысының белсенділерімен кездесу

Қазіргі таңда, облыста Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген және қызмет жасаған 1000-ға жуық ардагер бар. Оның ішінде «Невада-Семей» қозғалысына қатысушылар саны 495 адам. Аймағымызда Семей полигонына қатысты алты үкіметтік емес ұйым тіркеліп жұмыс жасауда.

«Невада-Семей» қозғалысының белсенділерімен кездесу

Кездесу барысында көтерілген қоғамдық көліктерге жеңілдік қарастыру, дәрігерлердің қызметін кезексіз пайдалану ұсыныстары заң аясында шешілмек.