NIS кураторлары тәжірибесімен бөлісті

801

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп «Қашықтан оқыту жағдайында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

Онлайн жиынға аймақтағы жалпы білім беретін мектептің 300-ге жуық сынып жетекшілері қатысты. Вебинарды НЗМ-нің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары ГүлзатШынтасова және Ақбота Жұмабаева жүргізді.

«100 кітап», «Отбасылық сенбі», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер», «Ақылды бейсенбі», «100 ән», «100 күй» және т.б жобалардың өткізілу ерекшеліктерімен таныстырып, әлеуметтік желідегі чаттарда ата-аналармен байланыс орнатудың қағидаларымен бөлісті.

Тыңдаушылар вебинардан алған ақпараттарының өзектілігін атап өтіп, алдағы уақытта білім ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарында іске асыратынын кері байланыс арқылы білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<