NIS-те «Қантсыз өмір» акциясы өтті

382

0

Фото: НЗМ

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте медициналық бөлім қызметкерлері еріктілермен бірге қандағы қант деңгейін анықтау бойынша диагностикалық акция жүргізді.

– Бұл медициналық талдау қант диабеті, эндокриндік жүйенің бұзылуы, папилломалар, созылмалы шаршау, когнитивті бұзылулар, қатерсіз ісіктерді қамтитын метаболикалық синдромның бастапқы кезеңдеріндегі проблемаларды анықтауға көмектеседі, – деп түсіндірді мектеп педиатры Жанат Наренова.

Шараға оқушылар мен мектеп қызметкерлері тексеруден өтті. Глюкометрдің көмегімен жас дәрігерлер глюкоза деңгейін өлшеп, рұқсат етілген шектерді түсіндірді. Сондай-ақ аурулардың даму қауіпінің факторларын бағалап, жеке ұсыныстар берді және дұрыс тамақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<