NIS-тің жобасы «HundrED» (Финляндия) халықаралық байқауына қатысуда

826

0

Бұл туралы зияткерлік мектептің баспасөз хатшысы Лена Рыбина хабарлады «HundrED» платформасындағы «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» жобасына сілтеме жасап.

NIS-тің Педагогикалық өлшемдер орталығының «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» инновациялық әзірлемесі «HundrED» халықаралық байқауында үздіктер қатарына кірді. Финляндиядағы «HundrED» академиясы қазақстандық педагогтардың әдістемелік жобалары алғаш рет үздік инновациялық идеялардың қатарына енгені туралы ресми ақпарат жариялады. «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» атты кәсіби әзірлеме орта білім беру саласындағы шабыттандыратын жобаларды іздеу және таратумен айналысатын ең беделді коммерциялық емес ұйымдардың сайтында жарияланды.

«Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» жобасы критериалды бағалауды енгізу кезеңінде, яғни мұғалімдер үшін жаңа әдіс-тәсілдерді түсіну және қолданудың қажеттілігі туындаған сәтте іске асырылды. Жоба бес бағалау стратегиясына мән бере отырып, сабақтарды жоспарлау мен өткізуге арналған 24 проактивті картаны қамтиды, сондай-ақ әр оқушыны өз білімін қалыптастыруға бағыттайды. Әрбір карта сабақты жоспарлау кезінде мұғалімнің рефлексия жағдайына назар аударып, формативті бағалауды қолдану нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді.

NIS-тің жобасы «HundrED» (Финляндия) халықаралық байқауына қатысуда

Педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлері инновациялық идеялар мен тәжірибелерді қамтитын әртүрлі әдістемелік ресурстарды жүйелі түрде әзірлеп, ашық ақпараттық платформаларда жариялайды. Қазақстандық жобаның Финляндиядағы табысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы орталықтарының кәсіби жетістіктер сериясын жалғастыруда.

NIS-тің жобасы «HundrED» (Финляндия) халықаралық байқауына қатысуда

Бүгінгі таңда финляндиялық білім беру жүйесі әлем бойынша үлкен қызығушылық тудыруда, сол себепті «HundrED» – дүниежүзіндегі ең танымал байқаулардың тізіміне енген, конкурсқа 42 елден 129 жоба ұсынылды, соңғы нәтижелер 2022 жылдың маусымында шығарылады. Педагогикалық өлшемдер орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымына кіреді.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<