Нью-Йоркте Қазақстанның туы көтерілді

710

0

Республика күнін мерекелеу аясында Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс қаланың орталық ауданы Манхэттенде Қазақстанның мемлекеттік туын көтерудің салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Нью-Йорк басшысы өзінің құттықтау сөзінде шараға қатысушыларды жылы лебізімен құттықтап, халық арасындағы достықты білдіретін ту көтерудің жақсы дәстүрін атап өтті.

Мэр Э. Адамсқа алғысын білдірген Нью-Йорктегі ҚР Бас консулы Раушан Есболатова ұлттық мереке – Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Қазақстандық дипломат осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын, 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстан мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдағанын, бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болғанын атап өтті.

«Ту көтеру – маңызды оқиғаларға арналған ерекше рәсім. Елімнің көкте желбіреген туы отандастарымызға ерекше сезiм беретiнiне мақтан тұтамын», – деп түйіндеді сөзін ҚР Бас консулы.

Салтанатты шараға бизнес қауымдастық, дипломатиялық корпус өкілдері, қаланың құрметті азаматтары мен қонақтары қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<