Өнім сәйкестігін бағалаудың өз заңдылығы бар

262

0

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Оған өнімнің сәйкестігін растаумен айналысатын сарапшы-аудиторлар мен сала мамандары қатысты. Жиында департамент басшысы Е.Кеулімжаев ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өтінімдер мен  өнімді қарайтындығын жеткізді. Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы бұзылған  жағдайда  әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы айтылды.

Шара соңында  қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу болды әрі тұшымды жауаптар алынды. 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<