Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облыстың агрокартасы бойынша биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың нысаналы индикаторлары белгіленді. Агрокарта аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласында бірқатар ірі жобалар іске асырылды.
– Бүгінгі күні облыста егін егу жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл барлығы 183,8 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылы орналасып, межеден 5,2 мың гектарға артық орындалды. Агрокарта бойынша, биыл облыста егілген майлы дақыл көлемі 7 мың гектарды, малазықтық дақыл көлемі 62,7 мың гектарды құрады, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Маржан Өмірбаева.
2018 жылы облыстан 34,5 млн долларды құрайтын 95,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2017 жылмен салыстырғанда 18,2% артқан. Оның ішінде, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 94,5% құрап отыр.
Сондай-ақ, өткен жылдан бастап экспортталатын өнім түрлері ұлғайтылып, Қытай, Түркия, Араб Әмірлігі мемлекеттерінің нарығында игерілуде. Биыл экспортқа бағытталған жобалық құны 5,4 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<