Өнімдердің қауіпсіздігіне облыс бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері

1057

0

Өнімдердің қауіпсіздігіне облыс бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері Қызылорда облысында 2019 жылдың 10 айында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында зертханалық сараптама жүргізу үшін барлығы 3 374 өнім сатып алынды. Өнім түрлерімен жіктейтін болсақ, тағам өнімдері – 2547, балаларға арналған өнімдер – 98, оның ішінде 61-і балалар ойыншықтары, парфюмерлік-косметикалық бұйымдар – 297, тұрмыстық химия өнімдері – 198.

 Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 400 үлгісі  техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 121, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша – 108, таңбалануы бойынша – 171 сәйкессіздік анықталды. Сараптамаға сатып алынған өнімдердің 56,6% Еуразиялық  экономикалық одаққа мүше  елдерде өндірілген, сәйкесінше сәйкессіздіктердің көпшілігі де осы елдерден шыққан өнімдер еншісінде, 223 сәйкессіздік.

Мониторинг шеңберінде алынған өнімдердің басым үлесі тағам өнімдері болып табылады. Оның ішінде отандық өнімдер – 834, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер – 1444,  өзге елдерде өндірілгендері– 269. 

Микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты анықталған сәйкессіздіктер бойынша  27 нысан жоспардан тыс тексерумен толық қамтылып, жауапты тұлғаларға 28 әкімшілік шара көрілді.

Кеден Одағы  техникалық регламенттер талаптарының сәйкессіздіктері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды  жою  туралы  78 ұйғарым  берілген.

Сонымен қатар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы мәліметтерді қамтитын Сәйкес келмейтін өнімдер тізбесі арқылы тұтынушыларды хабардар ету жүргізіледі, бұл тізбе Комитеттің сайтында жаңартылып отырады.

Бұл өз кезегінде тұтынушыға дұрыс таңдау жасауға, ал өндірушілерге тиісті жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<