Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

372

0

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Бүгін Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен Сырдария ауданында ауыл әкімдерінің, бөлім басшыларының, заңгерлердің және «ҰАТ» АҚ Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының жетекші маманы Е.Сулеевтің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қызметін автоматтандыру мәселелері туралы дөңгелек үстел өткізілді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі №463 қаулысымен енгізілген өзгерістер жөнінде және тіркеу қызметін автоматтандыру бойынша түсіндірме жүргізіліп талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<