Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыру

530

0

Негізгі конституциялық қағидат  – азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидатын іске асыру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырып келеді.
Біздің елде демократиялық өзгерістердің ең басында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу институтының пайда болуы министрліктер мен ведомстволардың өздері реттейтін саладағы кез келген мәселені регламенттеуімен негізделген. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бойынша жұмыстың тиімділігіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіпкерлікте кедергілердің болмауы, заңнаманы жетілдіру мәселелеріне байланысты. Мемлекеттік тіркеудің маңыздылығы мен мәні тек нормашығармашылықтың заңдылығын бақылауда ғана емес. Мемлекеттік тіркеу фактісі нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуі үшін қажетті шарт болып табылады, ал ондайлардың болмауы – мемлекеттік тіркеуден өтпеген актіні жарамсыз деп тану үшін сот үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында мемлекеттік органдардағы процестерді цифрландырудың маңыздылығы туралы айтады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен интернет-ресурста Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің, электрондық құжат нысанында жұмыс істеуі қамтамасыз етілген. Аталған жүйелерде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген барлық актілер жөнінде ақпарат орналастырылған.
Әділет департаменті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сандай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізеді.
Тұрақты негізде әртүрлі мәселелер бойынша «дөңгелек үстелдер», семинар-жиналыстар ұйымдастырылады, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг нәтижелері талқыланады, проблемалық сұрақтар мемлекеттік органдардың заң қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің отырыстарында талқыланады. Одан басқа, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдеріне тағылымдамадан өту, аудандардың ірі елді мекендеріне ақпараттық-насихат топтарының құрамында сөз сөйлеу ұйымдастырылады.
Сонымен, аймақтық норма шығармашылығына үлкен көңіл бөлінеді, себебі бөлек аймақтың аумағында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері әлеуметтік мағызға ие, өзекті және өмірлік маңызы бар.

Е.АБДУЛЛА, 
облыстық әділет департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<