Ноутбукке су төгіп алса не болады?

742

0

Ноутбукті су толы ваннаға құлатып алған соң, оны аман алып қалу мүмкін емес. Бірақ, шыны су төгіп алсаңыз, амалын табуға болады.

• Қуат көзінен айырып тастаңыз. Ноутбукке қосылған барлық тоқтан айырыңыз. 
• Ноутбуктан төңкеріп қойыңыз. Сол арқылы суды шығарыңыз.
• Сонымен қатар, батырманы басып, аппараттың экраны толықтай өшкенше, күтіңіз.  
• Ноутбукты мақта орамалмен және қағаз сүлгімен сүртіңіз. Пернетақтаға, салқындатқыш орталықтарына назар аударыңыз. 
• Егер ноутбукқа су емес, шай, кофе, шарап төгілсе, оны ашып, қағаз сүлгілермен және мақтамен сүрткеніңіз дұрыс.
• Вентиляторды жерге қойып, оның бетіне қағаз қойып үстіне ноутбукты кептіруге қойыңыз. Бірақ қараусыз ұзақ қалдырмаңыз.
• 48 сағаттан кейін тексеріп, маңызды ақпараттарды өзге техникаға көшіріңіз.  
• Ауытқулар бірден емес, бірнеше күн не аптадан кейін шығады. Сондықтан арнайы орталықтарға апарып, қайта тексерткеніңіз жөн.

Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<