Нұрлыхан Шархан – Азия ойындарының қола жүлдегері

620

0

Қызылордалық Нұрлыхан Шархан Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Ол 100 келіде 3-орын үшін өткен белдесуде Вон Джон Хунды жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жерлесіміз осыған дейін бахрейндік Зелимхан Башаевты, сосын әлем және Олимпиада чемпионы атанған жапониялық Аарон Вольфты таза ұтып, сенсация жасаған еді.

Жартылай финалда өзбекстандық Музафарбек Туробоевқа жол берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы сапында сынға түскен Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Абылайхан Жұбаназар (81 келі) қола медаль алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<