Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен екі күнге жоспарланған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кешенді шаралар Сырдария ауданында жалғасын тапты.
«Қазақтану» республикалық ғылыми-ағартушылық жобасы аясында қазақ халқының рухани құндылықтары, ел тарихында болған елеулі оқиғалар мен жетістікке жеткен тұлғалар туралы, олардың оң тәжірибесі мен жастарды тәрбиелеудегі амалдар туралы айтылды.
Сондай-ақ рухани құндылықтардың қоғамдық өмірдегі қатынастарға әсері, жастарға тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру бойынша әңгіме өрбіді. Семинарда аудан тұрғындары сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<