Төтенше жағдайларды болдырмаудың маңызды бір әдісі – қауіпсіздік шаралары жөнінде оқытуға бағытталған үгіт–насихат жұмыстары, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу.
2018 жылдың мамыр айының 17-і күні ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары медициналық колледж студенттеріне сабақ өткізді.
Жасақ басшысының орынбасары Мирамбек Доспенбетов және бас құтқарушы Әбдіхалықов Ролан – су айдынында қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдай орын алған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керек екенін айтты және суға батқан зардап шегушіні құтқару тәсілдерін көрсетті.
Сабақ соңында су айдынында қауіпсіздік ережелері, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін түсіндірді, сонымен қатар су айдынындағы техникалық қауіпсіздік ережелері жөнінде парақшалар таратты.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<