Облыс әкімі атаулы күнмен құттықтады

531

0

Құрметті ағайын!

Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын. Тоғыз перне, қос ішегінен ғасырлар сыры төгілген қасиетті қара домбыраны ұлықтау туралы шешімнің қабылданғанына көп уақыт болмаса да, бұл халық тілегімен үндестік тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр» деп ерекше мерекенің маңызын ашып көрсетті.

Бүгінде Ұлттық домбыра күні ел болып атап ететін ерекше мерекенің біріне айналды. Бұл күні ұлы дала дәстүрлері жаңғырып, төл өнеріміздің құдіретіне, домбырадан төгілген әсемқоңыр күйге, ән мен жырға бас иеміз. Жас ұрпақ төл өнеріміз, асыл құндылықтарымыз туралы мол мағлұмғат алады.

Сырдың бойында жыраулық, күйшілік өнердің сан ғасырдан бері үзілмеген алтын тіні бар. Б​аға жетпес рухани байлығымыздың бүгінгі мұрагерлері оны келер ұрпақтың игілігіне табыстау үшін ерен еңбек атқаруда.

Азаттық рухын, сайын дала сарынын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған қасиетті домбыра әр шаңырақтың төрінен табылсын! Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<