Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Айдын Сағынбековпен кездесті.
Қабылдау барысында аймақ басшысы әскери бағыттағы негізгі жұмыстар туралы өзара әңгімелесіп, бірлескен жұмыстар шеңберіндегі атқарылған істер бойынша пікірлесті.
Сондай-ақ, өңірдегі әскер қатарына шақыру жұмыстарының барысы туралы сөйлесті. Өз кезегінде департамент басшысы Айдын Сағынбеков жыл ішінде атқарған жұмыстардың негізгілеріне тоқталды.Кездесу соңында департамент басшысы облыс әкіміне ҚР Қорғаныс істері министрінің Алғыс хатын табыстады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<