Облыс әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдады

661

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қабылдау кезегінде тұрған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысы көпбалалы және жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін жеке-жеке қарады.

Тұрғындар облыс әкіміне әлеуметтік жағдайлары бойынша, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық, жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау, білім беру және т. б. салаларға қатысты сауалдарын жеткізді.

Облыс әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдады

Қабылдауға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Нариман Мақұлбеков, Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары қатысты.Облыс әкімі қабылдауға келген көпбалалы отбасылардың мәселелерін тыңдай келе, бағыттар бойынша сала басшыларына азаматтардың ұсыныс-тілектерін ескерусіз қалдырмай, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<