Облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

344

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды бүгінгі қабылдауына келушілер тұрғын үй, емделуге қаржылай көмек алу, жұмысқа орналасу және кәсіп ашу мәселелерін қозғады.

Келушілердің ұсыныс-пікірі, өтініші, сауалдары әрдайым мамандар сарабынан, талқысынан өтеді. Әрқайсының себеп-салдары жіті зерттеліп, шешімі заң аясында қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде береді. Осылайша қабылдауға жазылған азаматтың көтерген мәселесінің шешілу жолы көрсетіледі.

Бүгінгі қабылдауға жол апаты салдарынан мүгедектікке тап болған 30 жастағы қала тұрғыны мен сырқаты бар баласының отасына көмек сұрап келген азаматшаның өтініштері зерттеліп, қаржыландыру тетіктері қарастырылмақ. Кәсібін жүргізуге ақшалай және заңдық тұрғыда қолдау сұраған азаматтарға да заң талаптарына сәйкес келген жағдайда көмек көрсетілетіні түсіндірілді.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<