Облыс әкімін қабылдады

626

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Президентке Қызылорда облысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, облыстағы экономиканың негізгі көрсеткіштері – өндірістік өнім көлемі 0,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 14,5 пайызға, жеке инвестиция 11,7 пайызға, сауда 2,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 8,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 0,3 пайызға артқан.

Өңірде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 456 жұмыс орны ашылған.

Кездесу барысында облыс экономикасына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сырдария өзені деңгейінің күрт төмендеуі, тауарлық газдың көтерме бағасы, тасымалдау тарифінің шығындары мен жергілікті газ үлесін арттыру және агроқұрылымдардағы жер дауы мәселелері туралы баяндалды.

Президент Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырма берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<