2019 жылдың 30 қыркүйегі күні сағат 10:00-де «Достық үйі» ғимаратында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі.
«Бірыңғай есеп беру күні» Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Аталған шараны өткізудің негізгі мақсаты – бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын жақсарту болып табылады.
Есеп беру күні аясында кәсіпкерлік саласында 2019 жылы бақылау-қадағалау органдарымен атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, облыс кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланатын болады.
Осыған сәйкес, облыс кәсіпкерлерін аталған шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<