Облыс прокуроры Қармақшы ауданына барды

329

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров аудан кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге аудандағы бірқатар бөлім, мекеме басшылары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, проблемалық мәселелер туындаған жағдайда заң шеберінде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлердің жеке бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<