«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ҚАУЛЫ
«07 » СӘУІР 2020 ЖЫЛ
№ 7
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
Облыс тұрғындары арасында
қауіпсіздік шараларын
күшейту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы, 1-тармағы 13)-тармақшасына сәйкес Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) нақтыланған жағдайларының көбеюіне байланысты облыста инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қызылорда облысында коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық ахуалының күрделенуіне байланысты инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы аумағында 00:00 сағат 2020 жылғы 8 сәуірден бастап 00:00 сағат 2020 жылғы 22 сәуірге дейін карантиндік режимде шектеу және тыйым салу шаралары жариялансын.
1. Қызылорда облысының әкімдігіне:
1) 00:00 сағат 2020 жылғы 8 сәуірден бастап коронавирус инфекциясының таралуын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қызылорда қаласына және аудандарына көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салуды;
2) үкіметтік, жүктік, транзиттік рейстер мен Қызылорда облысының әкімімен келісілген рейстерді қоспағанда, барлық рейстер 00:00 сағат 2020 жылғы 8 сәуірден бастап 00:00 сағат 2020 жылғы 22 сәуірге дейін транзиттік және соңғы станциясы Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының станциялары болып табылатын жолаушылар тасымалына арналған барлық теміржол байланыстарына және Белкөл станциясында жолаушы поездарына техникалық қызмет көрсетуіне тыйым салуды;
3) коммуналдық және әскери қызметтерді тарта отырып, эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін қоғамдық көлікті, аялдамаларды қоса алғанда, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қала, аудандар және елді мекендер аумағын өңдеумен толық қамтуды және көрсетілген жұмыстарды тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етуді;
4) тұрғындардың қажетті тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін бекітуді;
5) блок-бекеттер мамандарының жұмысын күшейту және олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді;
6) Қызылорда қаласында және аудандарда қалаішілік, ауданішілік (оған қарасты ауылдық округтер мен кенттер ішіндегі), облыс орталығында жұмыс барысында қызметтік, жұмыс орындарына қала/аудан аумағындағы және одан тыс жағдайда жұмыс орнының анықтамасына сәйкес жеке көліктерінен басқа, көліктердің қозғалысын тоқтатуды.
2. Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облысының полиция департаментіне:
1) азаматтардың негізсіз тұрғын үйінен шығуына және автокөліктермен жүруіне тыйым салуды, тек төмендегі жағдайларда шығуға рұқсат етуді:
– дәрілік заттар, азық-түлік қажеттілігін алуға және үй қоқыстарын шығаруға (жақын радиустарда орналасқан), бұл ретте тұлғалардың саны 2 адамнан артық болмауды;
– медициналық көмек алуға, бұл ретте медициналық көмек алуға барған тұлғалардың саны 3 адамнан артық (автокөлік жүргізуші, науқас, сүйемелдеуші) болмауды;
– жұмысқа бару (жұмыс орнынан арнайы анықтамасы немесе қызметтік куәлігі бар);
2) төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, тағы басқа) барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салуды;
3) аса қажеттілік болмаған жағдайда 18 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан тұрғындарға көшеге шығуға тыйым салуды;
4) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда, көше балалар ойын алаңдарында және азаматтардың өзге де демалыс орындарында болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдік жұмыстарды күшейтуді;
5) азаматтардың үй карантині режимін сақталуын қатаң бақылауды;
6) провизорлық және карантиндік стационарларда байланыста болған адамдарды оқшаулау мен күзетуді;
7) 00:00 сағат 2020 жылғы 8 сәуірден Қызылорда қаласындағы қалаішілік және аудандардағы ауданішілік (соның ішінде елді мекендер ішілік) көлік қозғалысын патрульдік полициялық бақылау бекеттері арқылы шектелуін қамтамасыз етуді және патрульдік полициялық бақылау бекеттерінің орындарын бекітуді;
8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №31 қаулысымен бекітілген алгоритмге сәйкес блок-бекеттері қызметтерін күшейтуді;
9) төтенше жағдай мен карантин қолданылатын кезеңде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қолдануды;
10) карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шегінде дереу тиісті шаралар қабылдап, профилактикалық мақсатта БАҚ-та кеңінен жариялауды.
3. Қала, аудан әкімдіктері және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына:
1) діни үйлердің, балабақшалардың, базарлардың (жануарларды өткізу орындары (мал базарлары), автомобиль және тағы басқа), сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендері, көлік салондары, көлік қосалқы бөлшектер сату салондары, гүл павильондары, химиялық тазартулар, кір жуу мен көлік жуу орындары, фотоательелер, фотосалондар, оптикалар, ломбардтар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, техникалық қызмет көрсету станциялары, сауналар, қоғамдық моншалар, фитнес-клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері, бассейндер, сұлулық салондары, спа-орталықтар, студиялар, барбершоптар, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото мото конторалар, бильярд клубтары, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, қонақ үй кешендері жұмыстары, сондай-ақ тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу қызметтерін тоқтатуды;
2) штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда, азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, азық-түлік сөрелері, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасы жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен 10:00 сағаттан 18:00 сағатқа дейін рұқсат етуді;
3) мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етуді;
4) ішкі қоғамдық көліктің жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен және жүргізушілер мен кассирлердің сақтық шараларын қатаң сақталуымен 06:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін жұмыс жасауына рұқсат етуді;
5) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі бойындағы көліктерге қызметтер көрсету кешендерінде техникалық қызмет көрсету станциялары және қоғамдық тамақтану орындары «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасауға рұқсат етуді.
4. Қармақшы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаментіне:
1) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолдарындағы блок-бекеттерді енгізе отырып, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне кіру және шығудың тоқтатылуын қамтамасыз етуді.
5. Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына:
1) жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистік кәсіпорындарда вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылар, кен орындары басшылары Қызылорда қаласына кіру және шығуына рұқсат құжаттарын дайындауды;
2) сәйкестігін негіздеу мақсатында жұмысшылар тізімін «Сергек-Блок-Пост» автоматтандырылған жүйесіне енгізуге ұсынуды.
6. Қалалық және аудандық тиісті аумақтардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері аумақтағы және облыстағы қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қосымша карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Ұлттық почта операторлары, екінші деңгейдегі банк филиалдары, почталық, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар, сауда және басқа да ұйымдарға:
1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда қызметкерлер мен клиенттердің (пирометрлермен, қашықтық термометрмен) температурасын өлшеуді міндетті түрде сақтауды, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара-қашықтықты сақтауды, бетперделік режимді, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізумен және төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған өзге де санитариялық талаптарды сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйымдастыруды;
2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар мен сауда нүктелерінің жанында ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді.
8. Барлық мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары үнемі қорғаныс бетперде киюге міндетті.
9. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы және қала, аудан әкімдеріне:
1) коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары мен Қызылорда қаласындағы карантин режимі туралы әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді;
2) карантин кезінде республикалық, облыстық және жергілікті баспа басылымдардың таралымын тарату уақытша тоқтатуды және баспа басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында және PDF форматта) жариялауды.
10. Барлық мемлекеттік органдар мен аумақтық бөлімшелер осы Қаулымен туындайтын шараларды қабылдасын.
11. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №4, 2020 жылғы 1 сәуірдегі №5, 2020 жылғы 3 сәуірдегі №6 қаулыларының күші 00:00 сағат 2020 жылғы 08 сәуірден бастап жойылсын.
12. Қаулының орындалуын қадағалауды Өзіме қалдырамын.
13. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық
дәрігер А.АБДИКАИМОВА.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<