Облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді

852

0

Қызылорда облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін күшейтілген кезекшілікке қызметке түсіп, жұмыс жасауда.

16 наурыз күні Қызылорда қаласының тұрғыны  Перизат Болатқызы әлеуметтік желі арқылы Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Жүргізуші Түркістан қаласынан Қызылорда қаласына келе жатқан.

 Ауа райының кенеттен нашарлауына байланысты және техникалық ақаулықтардың салдарынан оның көлігі «Шымкент-Самара» тас жолында тоқтауға мәжбүр болған.

Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторы полиция аға лейтенанты Жусупов Қуаныш пен полиция аға лейтенанты Сейтханов Ерсұлтан жолда қалып қойған автокөлік жүргізушісіне көмек берді.       Полицейлер ақауларды жоюға, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізуге көмек көрсетіп, оның жаураған кәмелетке толмаған балаларын қызметтік автокөлігіне мінгізіп жылытып қамқорлық көрсеткен. Сонымен қатар патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолда қалып қойған жүргізушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлікті жөндеуге көмектесті. Кейін ол жолын жалғастырды.

Жүргізуші қызылордалық полицейлерге халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде толағай табыстарға жетуге алғысын білдіріп, полиция қызметкерлерінің қол көмек бергендеріне ризалығын білдірген.

Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты Жаңақорған ауданының Полиция бөлімі жүргізушілерге барынша мұқият болуды ескертеді. Ұзақ сапарға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, күтпеген жерден жолда болатын көптеген жағдайларды алдын алуды, оқыс оқиғалар орын алған жағдайларда шұғыл қызметтерге немесе полицияға қоңырау шалуды сұрайды.

«СБ» ақпарат