Облыс әкімі: «Ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін»

735

0

Елдік пен ерлік – егіз ұғым! Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толды.Атаулы мереке аясында Н.Бекежанов атындағы академиялық қазақ драма театрында салтанатты іс-шара өткізіліп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың майдангерлері мен сарбаздарын Отан қорғаушы күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

— Сүйікті Отанымыздың шекарасының берік, халқының бейбіт болуында өз міндетін әуе кеңістігінде, құрылықта, теңізде, шекарада адалдықпен атқарып жүрген әскерімізге, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға алғысымызды білдіреміз!Жаңа Қазақстанның мызғымас бірлігі мен тыныштығын, қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қас қақпай күзетіп, қорғанымыз болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі:  "Ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін"

Салтанатты іс-шарада «Соғыстың соңғы көктемі» атты сахналық қойылым жиылған қауымға ой салды. Сондай-ақ, арнайы қонақ ретінде шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Қосанова көрерменге мерекелік қуаныш сыйлап, жергілікті өнерпаздар әсем ән тарту етті.

Облыс әкімі:  "Ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін"

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<