Облыста 1800 азамат мобильді топ арқылы құжаттандырылған

1375

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында аймақтағы көші-қон саласында қызметтердің көрсетілу барысы баяндалды.

Көші-қон қызметі саласымен жыл басынан 66000 -нан астам электронды түрде, 2000 астам қағаз түрінде мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Биыл, пандемияға байланысты облыс аумағына шетелдіктердің келуі азайған. Қазіргі таңда, көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2800 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Уақытша тіркелгендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 86 пайызға азайған.

Облыстық көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арун Жолдасбаев «Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру мақсатында көші-қон қызметі және ХҚКО мамандарынан жасақталған, тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын арнайы мобильді топтар жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1800ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды», – деді.

Айта кету керек, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, облыстың полиция департаментінің көші-қон қызметі саласы бойынша 12 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бүгінгі күнге қызметтердің 60 пайызы электронды түрде көрсетілсе, жыл аяғына дейін 90 пайызға жеткізу жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<